64-ші Халықаралық Берлин кинофестивалінің «Алтын аю» жүлдесін қытайлық режиссер Йинан Дяоның «Черный уголь, тонкий лед» фильмі жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Гран-при жүлдесі фестивальдің ашылу салтанатында ұсынылған америкалық Уэс Андерсонның «Отель «Гранд Будапешт» картинасына бұйырды.
«Үздік режиссер» атағын «Отрочество» атты туындысымен америкалық режиссер Ричард Линклейтер иеленді. «Күміс аю» жүлдесі ең үздік ер адам рөлін сомдаған қытайлық актер Ляо Фаньға табысталды.
Ал жапониялық режиссер Едзи Ямаданың «Маленький дом» картинасындағы рөлі үшін жапониялық актриса Хару Куроки әйелдер арасында үздік актерлік шеберлігі үшін марапатталды. Кинофестивальдің «Күміс аю» жүлдесі режиссер Дитрих пен Анна Брюггеманндардың «Крестный путь» картинасына табысталды.
Айта кетейік, 64-ші Халықаралық Берлин кинофестивалі 6-ақпанда басталды. Бас жүлде үшін 20 туынды ұсынылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сатылған билеттердің саны 330 мыңды құрап, рекордтық көрсеткішке жеткен.