«Оскар» жүлдегерлері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Оскар» жүлдегерлері анықталды

10.02.2020

Лос-Анджелесте «Оскар» сыйлығын табыстау салтанаты өтті. 92-ші рет ұйымдастырылған кино әлеміндегі ең беделді марапаттау рәсімі биыл да тың оқиғаларға толы болды. Оңтүстіккореялық режиссер Пон Чун-хо кештің триумфаторы атанды. Оның «Паразиттер» трагикомедиясы «Үздік режиссура», «Үздік фильм», «Үздік шет тіліндегі фильм», «Үздік сценарий» номинациялары бойынша алтын мүсінді иеленген. Осылайша, жүлде тарихында алғаш рет ағылшыннан өзге тілдегі кинотуынды «Оскарға» қол жеткізіп отыр.

«Үздік актер» номинациясын «Джокер» фильміндегі рөлі үшін Хоакин Феникс жеңсе, Рене Зеллвегер «Үздік актриса» атанды. Сондай-ақ, Академияның шешімі бойынша, Бред Питт «Үздік көмекші актер», Лора Дерн «Үздік көмекші актриса» атағымен марапатталды.

Биылғы «Оскардың» тағы бір өзгешілігі сол – салтанатты кеш жүргізушісіз өткізіліп, 3 жарым сағатқа созылған.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу