«Нағима» фильмі Мароккодағы кинофестивальде Гран-приді иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нағима» фильмі Мароккодағы кинофестивальде Гран-приді иеленді

28.10.2014
«Нағима» фильмі Мароккодағы кинофестивальде Гран-приді иеленді

Жанна Исабаеваның «Нағима» атты фильмі Мароккода өткен XI  Халықаралық кинофестивальде Гран-приді иеленді. Картина сондай-ақ, кино сыншыларының да жүлдесіне ие болды. Ресми конкурстың қазылар алқасының мүшесі Мишель Халифех жүлде беру рәсімі кезінде  қазақстандық туындының маңыздылығын атап өтті.

Жанна Исабаеваның фильмі балалар үйінде тәрбиеленген екі  бойжеткен турасында әңгімелейді. Нағима асханада жұмыс істеп, бар тапқанын қала сыртындағы жалдамалы бөлмесіне жұмсайды.

Әпкесі Аняның аяғы ауыр. Ол үй тіркеуінде болмағаннан кейін дәрігердің қабылдауында да бара алмайды.  Нәтижесінде Аня толғақ кезінде қаза болады. ал, жалғыз қалған Нағима болса, осыдан 18 жыл бұрын тастап кеткен анасын іздеуге бел буады.

Еске сала кету керек, фильмнің әлемдік премьерасы Пусанда өткен ірі кинофестивальдерінің бірінде көрсетілген. Сондай-ақ, бұл лента «Gala Presentation» сессиясында ел назарына ұсынылған.

Ал, 2014 жылдың ақпан айында «Нағима» 64-ші Берлин кинофестивалінің «Форум» секциясы аясында көрсетілді. Кейін туынды  Францияда өткен «Deauville Asian Film Festival» атты Азиялық картиналар кинофестивалінде қойылды.

«Нағима» фильмі - басты рөлді сомдаған Дина Түкібаева мен Мария Неженцеваның алғашқы рөлдері.

Хабарламаларға жазылу