Режиссер Вим Вендерс «Алтын аю» сыйлығын алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Режиссер Вим Вендерс «Алтын аю» сыйлығын алады

25.08.2014
Режиссер Вим Вендерс «Алтын аю» сыйлығын алады

Германиялық режиссер Вим Вендерс 2015 жылдың 5-15 ақпанында өтетін Берлин кинофестивалінің сыйлығына ие болады. Оған  кинематография саласына қосқан үлесі үшін «Алтын аю» сыйлығы беріледі, деп хабарлайды Берлинаридің баспасөз қызметі.

«Біз авторлық киноның қазіргі уақыттағы ең атақты өкілдерінің бірі болып саналатын Вим Вендерске өзіміздің алғысымызды білдіреміз. Оның шығармашылығы көпжаныһрлы әрі көпжақты», - дейді фестиваль директоры Дитер Косслика.

Айта кетейік, Вим Вендерс ХХ ғасырдың 70-ші жылдары неміс авторлық киносының негізін қалаған. Шығармашылық ғұмырында АҚШ пен Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп, 60-қа жуық картина түсірген.

Хабарламаларға жазылу