Германияның қаржы министрлігінен бомба табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияның қаржы министрлігінен бомба табылды

16.03.2017

Германияның қаржы министрлігінен табылған күдікті ораманың жарылғыш зат екені анықталды. Берлин полициясының мәлімдеуінше, бомба қолдан жасалған.  Оның құрамынан пиротехника дайындауға қолданылатын компоненттер табылды.

Бұған дейін елдің бір басылымы бомба қаржы министрі Вольфганг Шойблеге қарсы қойылған деп мәлімеген болатын. Жарылғыш зат іске қосылғанда, адамдарды қатты жарақаттауы мүмкін еді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу