Қазгидромет: 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бүгін республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыздығы сақталады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Жер-жерлерде қар жауып, боран соғады, жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ болады, деп күтілуде. Тек республиканың батысында және солтүстік шеткі аймақтарында күн райы жауын-шашынсыз, аязды болады.
Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын соғып, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Түнде Алматы облысының кейбір тұстарында тұман, көктайғақ түссе, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Жамбыл облысының кейбір аймақтарында тұман, көктайғақ болады, желдің күші 16-21 м/с-қа жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Күндіз Қызылорда облысының кейбір жерлерінде бұрқасындатып, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының кей аудандарында боран соғып, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді,
Атырау облысының кейбір жерлерінде бұрқасынға ұласқан желдің күші 17-22 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында түнде тұман түсіп, күндіз Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізінің тағдырына алаңдаған белсенділер дабыл қақты
18.10.2025, 16:50

Қызылорда облысында еңбек озаттарына 14 жаңа автокөлік берілді
18.10.2025, 16:49
Түркістан облысында мақта теру науқаны қыза түсті
18.10.2025, 16:45
ХАМАС Израильге оныншы тұтқынның мәйітін тапсырды
18.10.2025, 16:43
Ақ үйде Трамп-Зеленский келіссөздері өтті
18.10.2025, 16:42
Беделді рейтингтік агенттіктер Қазақстанның инвестициялық әлеуетін жоғары бағалады
18.10.2025, 16:39
Барлық банкке ипотека бойынша бірдей шарт ұсынылып отыр
18.10.2025, 16:37
Алматыда желшешек жұқтырғандар көбейді
18.10.2025, 16:36