Алматыда желшешек жұқтырғандар көбейді
Алматыда биыл желшешек жұқтырғандар көбейді. Қалалық
денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, дерттің көрсеткіші былтырғыға қарағанда
39 пайызға өскен. Тоғыз айдың ішінде 183 бала ауруханаға жатқызылыпты.
Ал асқынғандар
саны 41 пайызға артқан. Науқастардың басым бөлігі - мектеп жасына дейінгі және
бастауыш сыныптағы бүлдіршіндер. Сондай-ақ, екі жақты пневмония, жедел ішек
инфекциясы, құрысу синдромымен 14 бала жансақтау бөліміне жатқызылған.
Дәрігерлердің
айтуынша, балалардың көбінде орталық жүйке жүйесі мен тыныс алу жолдары зақымданған.
Осы ретте мамандар ауруды асқындырып алмас үшін дер кезінде медициналық көмекке
жүгіну керек деп ата-аналарға кеңес береді.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда тағы жүз көшет екті
21.10.2026, 17:12