Михаил Кукушкин: Мақсат - Дэвис Кубогының жартылай финалына шығу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Михаил Кукушкин: Мақсат - Дэвис Кубогының жартылай финалына шығу

29.01.2014
Михаил Кукушкин: Мақсат - Дэвис Кубогының жартылай финалына шығу
«Біздің құрама Әлемдік топта төртінші жыл қатарынан қатысып келеді. Екі рет ширек финалға жеттік. Бұл жағдайда біздің мақсат – элиталық кезеңдегі орынды сақтап қалу деп айту қиын. Өткен жылы жартылай финалға шығуға мүмкіндік болды. Осы жолғы межеміз де сол болмақ», - деді Михаил Кукушкин.
 
Естеріңізге сала кетейік, Дэвис Кубогы аясында Қазақстан-Бельгия матчы 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Астанада өтеді. Турнирдің ширек финалында бұл жұптың жеңімпазы Сербия немесе Швейцария құрамасымен кездеседі.

Хабарламаларға жазылу