Теннистен Дэвис кубогының жеребесі тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теннистен Дэвис кубогының жеребесі тартылды

05.03.2020

Ертең елордада Дэвис кубогының финалдық кезеңіне іріктеу матчы өтеді. Теннис әлеміндегі ең беделді сайыстың ақтық сынына шығу үшін Қазақстан құрамасы Нидерланды командасымен кім мықтыны анықтайды. Бүгін жеребе тарту рәсімі өтіп, спортшылар өз қарсыластарын білді. Ұлттық тенис орталығындағы бәсекені Михаил Кукушкин мен Робин Хаасе бастайды

Былтыр да Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының ақтық кезеңінде нидераландықтармен бір топқа түскен. Екеуара кездесуде 2-1 есебімен жерлестеріміз жеңген. Биыл олар сол жеңілістен сабақ алды, басқаша тактикамен келдік деп отыр.

Ұлттық құрама 6 жылдан бері өз алаңында жеңіліп көрген жоқ. Спортшылар осы дәстүрден жаңылмаймыз деп отыр.

Ал әлемнің үздік 18 құрамасы қатысатын ақтық бәсеке қараша айында Мадрид қаласында өтеді.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу