Теннистен Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теннистен Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

26.03.2014
Теннистен Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
Теннистен Дэвис Кубогының Әлемдік тобының ¼ финалында Швейцария құрамасымен ойынға шығатын қазақстандық теннисшілердің есімдері белгілі болды. Матч 4-6 сәуір күндері Женева қаласында өтеді.
 
Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев бұл ойынға Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов және Евгений Королевті шақырды.
 
Айта кетейік, Қазақстан мен Швейцария құрамаларының жеңімпазы жартылай финалда Ұлыбритания мен Италия жұбының үздігімен кездеседі.

Хабарламаларға жазылу