Мәдина Сәдуақасова тұрмысқа шықты

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова мен «Ел арна» телеарнасы бағдарламаларының қоюшы-режиссері Олжас Смағұлов шаңырақ көтерді, деп хабарлауда бұқаралық ақпарат құралдары.
Біздің анықтама:
Мәдина Сәдуақасова - 1979 жылдың 8 қыркүйегінде Қызылорда облысында дүниеге келген.
1992 жылы, он үш жасында «Әнші балапан» байқауына қатысады. Алғашқы ірі байқауы телевизиялық жарыс - «Музыкальный вояж». Көптеген конкурстарда гран-при иеленіп, жүлдегер атанады.
1999 жылы әнші «Жас Қанат» байқауында ән шырқайды Сол сәтте жас әншінің ерекше дауысына тәнті болған Роза Рымбаева өз қамқорлығына алады.
1999 жылы Мәдина «Азия Дауысы» байқауында өзінің бағын сынайды. Бүгінде Мәдина Сәдуақасова талай жаңа ән жазып, Қазақстанға ғана емес, шетелге де танымал болған әнші.
Әнші қазіргі күні Ұлттық телеарнадағы «Қазақстан дауысы» байқауына тәлімгер ретінде қатысуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заңсыз ақша шығару ісімен айналысқандар жауапқа тартылады
15.09.2025, 20:48

Биыл 140 мың оқушы «Келешек мектептерінде» білім алып жатыр
15.09.2025, 20:03
Жамбыл облысында оқушы қатарластарының қолынан қаза болды
15.09.2025, 19:55
Елордада Жолдаудың негізгі тұстары сараланды
15.09.2025, 19:52
Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жоспар қабылданды
15.09.2025, 19:50
Алдағы 3 жылда мың мектепте тіс емдеу кабинеті ашылады
15.09.2025, 19:46
Бүгіннен бастап 25 мың жұмыскердің жұмыс кестесі өзгерді
15.09.2025, 19:45
Елімізде коммуналдық желілер жаңғыртылмақ
15.09.2025, 19:42