Елімізде күн өткен сайын медициналық қызметтің сапасы жақсарып келеді. Ресми мәліметке сүйенсек, Қазақстандағы өмір сүру ұзақтығы 73 жасқа жетіпті. Туу көрсеткіші 1%- ға өскен. Ал, өлім-жітім 1,2%-ға төмендесе, балалар өлімі жылдағыдан 2,8%-ға азайған.
Медициналық қызметке қолжетімділік те артып отыр. Оған дәлел ретінде мәселен, былтыр 1000-нан астам жаңа дәрігерлік учаскесі құрылып, 100-ге жуық жаңа амбулаторлық нысан салынды. Қазақстандықтардың көбі дәрігердің қабылдауына онлайн жазылған.
Сөйтіп, емханадағы ұзын-сонар кезек 2 есеге қысқарған. Халықтың 89%-ында электронды паспорт бар. Яғни, пациент үшін маңызды құжат жоғалмайды және ауру тарихын Қазақстанның кез келген бұрышынан тиісті дәрігер қарай алады.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.