Басты Жаңалықтар Әлем чемпионаты: 6 спортшымыз келесі кезеңге өтті

Әлем чемпионаты: 6 спортшымыз келесі кезеңге өтті

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында кеше 13 спортшымыз шаршы алаңға шығып, оның 6-ауы ғана жеңіске жетті.

60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Виктория Графеева чемпионаттың ширек финалында өзбек қызы Ситора Турдыбекованы жеңді. Махмұд Сабырхан жапониялық боксшыны айқын басымдықпен жеңіп, келесі кезеңге шықты. Өкінішке қарай, Нұрбек Оралбай өзбекстандық боксшыдан айласын асыра алмай, жеңілді. Әйелдер арасында аса ауыр салмақта өнер көрсеткен Елдана Талипова Жаңа Зеландия өкілін 4:1 есебімен ұтты. Төрехан Сабырхан Франциялық спортшыны жеңіп, жартылай финалға шықты. Ал, Сағындық Тоғамбай болса, ширек финалдан әрі аса алмады. Өзбекстандық Турабек Хабибулаев басым түсті. Алуа Балқыбекова ширек финалда қытайлық спортшыны жарыс жолынан ығыстырды. Карина Ибрагимова мен Аида Әбікеева да қарсыластарынан айласын асырды. Ал, Гүлсая Ержан ширек финалда аустралиялық спортшыдан ұтылды. Бибарыс Жексен де жеңілді. Оның қарсыласы олимпиада чемпионы, өзбекстандық Абдумалик Халоков болған еді. Ертуған Зейнулинов та өзбек боксшысынан аса алмады.  Ал, Айбек Оралбай жартылай финалға жолдама алды. Ол хорватиялық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Бөлісу