Басты Жаңалықтар Жолдау: Жасанды интеллект – жаһандық бәсекенің жаңа алаңы

Жолдау: Жасанды интеллект – жаһандық бәсекенің жаңа алаңы

Мемлекет басшысы өз Жолдауында жасанды интеллект саласын еліміздің стратегиялық даму бағыты ретінде айқындап отыр. Осыған орай Ақмола облысының Жастар ресурстық орталығы студенттерге арнап, «AI Movement» жасанды интеллект бойынша оқыту курсын бастады.

Жыл соңына дейін шамамен 15 мыңдай студент жасанды интеллект бойынша білімдерін арттыруға мүмкіндік алады. Жоба «Ақмола ІТ-стартап» технопаркімен бірлесе жүзеге асуда. Жасанды интеллект қай салада болмасын күнделікті жұмыстың бір бөлігіне айналды. Сондықтан оны жай технология ретінде емес, тұтынушыға ыңғайлы, пайдалы қызмет ұсынатын құрал ретінде қарастыру көзделеді.

 Дастан Ермеков, облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы:

Екі жыл шамасында ІТ бағытын дамытудамыз. Бізде Ақмола Пау деген жобасы бар. Биыл мысалы, айсанчпи деген жобаларын бастаған болатынбыз. Жастардың жасанды интелектіні дұрыс қолдану, видеоларды дұрыс қолдану жастар үшін қызықты қылу үшін, жастар дамыту үшін осындай курстарды ұйымдастырудамыз.
 

 

 

 

Бөлісу