Басты Жаңалықтар Францияда 200 мың адам қатысқан шеру өтті

Францияда 200 мың адам қатысқан шеру өтті

Францияның жаңадан тағайындалған үкімет басшысы Себастьен Лекорню министрлермен кездесті. Басты мәселе - ел аумағында жаппай өткен «Бәрін бұғаттайық» наразылық шеруі. Ішкі істер министрі Бруно Ретайоның айтуынша, сәрсенбіде күллі ел аумағында 200 мың адам наразылық шеруіне қатысқан. Олар президент Эммануэль Макронға, саяси элитаға және шығындарды қысқарту жоспарына қарсы шықты. Тәртіпті 80 мыңнан астам қауіпсіздік күштерінің қызметкері қадағалаған. Шеру полициямен қақтығысқа ұласып, 500-ге жуық адам ұсталды.

  

Бөлісу