Басты Жаңалықтар «Ауыл» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдірді

«Ауыл» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдірді

Президент өз Жолдауында аграрлық сектордың әлеуетін толық ашу үшін инновациялық тәсілдерді қолданудың маңыздылығын атап өтті. Заманауи технологияларды енгізу арқылы ауыл шаруашылығы өнімділігін арттырып, саланың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге болады. Ауыл партиясының өкілдері де  бұл бастаманы толық қолдайтындарын білдіріп,  жақын арада іске асыру бойынша арнайы Жол картасы әзірленетінін айтты. Сондай-ақ саланы цифрландыру мен жасанды интеллектіні тәжірибеге енгізу жолдарын талқылады. Партия мүшелерінің пікірінше, бұл тек ауыл экономикасына серпін беріп қана қоймай, жастарды ауылда қалуға ынталандырады.

Таңсәуле Серіков, Парламент Мәжілісінің депутаты:

Президент өз Жолдауында бәріміз естігендей ауыл шаруашылыққа өте үлкен көңіл бөлді. Оның ішінде өндірушілер, отандық өнімдер. Үлкен мәселенің бірі жасанды инттелектіні ауыл шаруашылық деңгейіне енгізу. Қай салаға кірмесек те сол салада жасанды интеллект болу керек.


Бөлісу