Өткен жылы елімізде 312 жоғары деңгейдегі мейірбике оқып шыққан
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, өткен жылы елімізде 312 жоғары деңгейдегі мейірбике оқып шыққан. «Бұл - еліміздегі алғашқы медициналық көмек көрсету саласының дамуына бағытталған жұмыстың нәтижесі»,- дейді мамандар. Осы мақсатта қазір финляндиялық жоғары оқу орындарымен бірлесіп қабылданған оқу-әдістемелік бағдарламасы 6 медициналық колледжге қанатқақты жоба ретінде енгізілген. Ал, елімізде жалпы 80 медициналық колледж бар. Оның 23-і мемлекеттік болса, қалғаны жекеменшік. Алдағы уақытта барлық колледждердің оқыту әдістемесін жетілдіріп, ортақ база арқылы білім беру көзделіп отыр.
Нәйля Рузденова, республикалық жоғарғы медицина колледжінің директоры:
- Президенттің Жолдауы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудегі мамандардың дайындалуына үлкен көңіл бөлініп отыр. Өйткені, Жолдауда техникалық білім беруді тегін оқыту керек деп айтылған.
Аманкелді СЕЙТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
