Басты Жаңалықтар Израиль Дохаға шабуыл жасады

Израиль Дохаға шабуыл жасады

Бүгін Израиль Қатар астанасы Дохаға соққы берді. Израиль қорғаныс күштерінің мәлімдеуінше, бұл операция 2023 жылы қазанның 7-де еврей мемлекетіне жасалған шабуылға тікелей жауаптыларға қарсы бағытталды.

Ал «Әл-Жазира» телекомпаниясының хабарлауынша, Израиль «Хамастың» Газадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөз жүргізушілерін нысанаға алған. Шабуылдан кейін Дохада бірнеше рет жарылыс болды. Әзірге құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ.

Оқиғаға байланысты Қатар үкіметі мәлімдеме жасап, Израильдің әрекетін халықаралық құқықты өзерскел бұзу әрі «қорқау шабуыл» деп сипаттады.


Бөлісу