Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
«Бір палаталы парламенттік жүйе Қазақстанда заң шығару процесін жеделдетіп, бюджет шығынын азайтады». Президенттің Жолдауымен жіті танысқан Орталық Азия бойынша тәуелсіз сарапшы Альберто Тюркстра осылай дейді. Оның пайымынша, бүгінде әлемде ұлттық заң шығарушы органдардың 60%-ға жуығы бір палаталы. Олар өзінің тиімділігін әлдеқашан дәлелдеген. Қазақстандағы институционалды реформа елдегі бюрократияны азайтып, демократияны күшейтеді. Әрі үкіметке шұғыл шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ заң шығарушы органды бір палатада шоғырландыру депутаттардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін арттырады, дейді сарапшы.
Альберто Тюркстра, «Дипломатиялық әлем» басылымының жоба жетекшісі, Орталық Азия бойынша тәуелсіз сарапшы:
Екі палаталы Парламенттен бір палаталы Парламентке көшу Қазақстанның кең ауқымды саяси жаңғыру мақсаттарына сәйкес келетін заманауи және тиімді заң шығарушы орган құруына септігін тигізеді. Швеция, Солтүстік Еуропа елдерінде, Жаңа Зеландияда бір палаталы Парламент биліктің тиімділігін арттырды, мемлекеттік шығындарды азайтты. Бельгия үкіметі де 2029 жылға қарай сенатты қысқартып, 40 млн еуро үнемдеуді ойластырып жатыр. Геосаяси жағдай, экономикалық ахуал ушыққан кезде Қазақстанның осындай бастама көтеріп, оны қоғамның талқысына салуы құптарлық шешім.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңғыртылып жатыр
09.09.2025, 20:22