Ақтөбеде халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырған жалпыұлттық «Денсаулық фестивалі» ұйымдастырылды.
Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта өткен ауқымды шараға 1300-ден астам адам қатысты. Олар түрлі дене жаттығуын жасап, дәрігерлерден кеңестер алды. Сондай-ақ, арқан тарту, жүгіру және велоспорт секілді жарыстарда бақ сынады.
Жақсыбек КЕМАЛ