Ақтөбеде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған фестиваль өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған фестиваль өтті

26.09.2017

Ақтөбеде Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналып «Бір ел, бір тіл, бір отбасы» фестивалі өтті. Шара облыстық мамандандырылған білім-инновациялық лицей-интернатында ұйымдастырылды. Мақсат - мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып, маңыздылығын дәріптеу. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына үн қосу. Лицей оқушылары мен ата-аналар бірлесіп өткізген шарада әр сынып өзі таңдаған мемлекеттің атын, ұлттық киімін таныстырып, сол елдің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын көрсетті. Фестивальде 8 ұлттың өнері насихатталды.

 

Райгүл ЕНШІБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу