Маңғыстау облысында «Денсаулық фестивалі» өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында «Денсаулық фестивалі» өтті

09.09.2014
Маңғыстау облысында «Денсаулық фестивалі» өтті

Каспий теңізінің жағалауында 2 мыңнан астам жас жиналып, флеш-моб ұйымдастырды.

Фестивальге 100-ден астам велошеруші де қатысты. 

Бұқараның денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған шара аясында жылжымалы медициналық кешен қызмет көрсетті.

Фестиваль облыстағы барлық аудан-қалада өтті. Оған 7 мыңнан астам тұрғын қатысып, салауатты өмір салтын ұстануға атсалысты. 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу