Ақтөбеде «Көрпе Fest» фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде «Көрпе Fest» фестивалі өтті

11.02.2020

Көпбалалы аналар, мектеп оқушылары және мұғалімдер құрақ көрпе тігудің қыр-сырын меңгерді. 

Бастапқыда шара 200 адамға жоспарланған. Алайда қатысуға ниет білдіргендер саны 300-ге жетіп жығылды. Мәжіліс залына сыймағандары дәлізде отырып іс тігуден де қашқан жоқ. «Бұл - ұлттық өнерімізге деген құрмет», - дейді ұйымдастырушылар. 

Еңбегі үздік деп танылған 30 әйелге тігін машинасы мен ақшалай сертификат беріледі. 

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу