Жамбыл облысындағы 20 мектеп түлектер кешін өткізуден бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы 20 мектеп түлектер кешін өткізуден бас тартты

22.05.2019

Сәнді киім, мол дастархан, серуендеуге арналған картедж жалдап, шаш етектен шығынға батпас үшін оқушылар осындай тоқтамға келген. Қымбат мейрамхана емес, мектептің акт залын таңдаған түлектер «Шығынсыз кеш» акциясын ұйымдастыруда. Бұл бастамаға «Жамбыл - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанынан құрылған «Адал ұрпақ» клуб мүшелері де атсалысып жатыр. Осылайша ата-аналар шығынсыз кеш акциясы арқылы қаржыны 10 есеге үнемдемек. Оқушылар мектептің акт залында мәнді де мазмұнды кеш өткіземіз деген сенімде.

Назерке Оңғарова, мектеп бітіруші:

- Біз, Тараз қаласының түлектері, мектеп бітіру кешін мейрамханада өткізуден, бағалы киімдер алудан бас тарттық. Оның орнына қасиетті Рамазан айында қайырымдылық жасауды жөн көрдік.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу