Марокко 2015 жылы Африка кубогін өткізбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марокко 2015 жылы Африка кубогін өткізбейді

09.11.2014
Марокко 2015 жылы Африка кубогін өткізбейді

Марокко корольдігі «Эбола» індетіне байланысты 2015 жылы футболдан Африка кубогін өткізуден бас тартты, деп хабарлады Росбалт. 

Африка Футбол конфедерациясы кубокті 2016 жылға шегеру туралы Марокко ұсынысын қабылдаған жоқ болатын және корольдіктің футбол федерациясынан 8 қарашаға дейін нақты жауап беруді сұраған. 

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Морокко кубокті 2015 жылы өткізуден бас тартты, оны ресми түрде келесі аптада Каирде өтетін Африка Футбол конфедерациясының атқарушы комитеті отырысында хабарлайтын болады.

Хабарламаларға жазылу