Алматыда жаңартылған білім бағдарламасы аясында қалалық семинар өтті
№117 жалпы білім беру мектебінде болған шараға 8 ауданның жас мұғалімдері қатысты. Олар 5 бағыт бойынша коучинг және ашық сабақтарға қатысты. «Мұндағы мақсат - бастауыш сынып мұғалімдеріне қызықты тәсілдерді үйрету және сол арқылы олардың шеберлігін шыңдау», - дейді ұйымдастырушылар. Коучингтер мен ашық сабақтарда «оқушының өзін бағалауы», «топтық жұмыс», «білім беру әдістері» сияқты тақырыптар қамтылды. Ұстаздардың әрқайсысы арнайы курстан өткен, яғни, жаңа оқу бағдарламасын толық меңгерген, деңгейі жоғары мамандар.
Бағдагүл Қалдыбаева, №117 жалпы білім беру мектебінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі:
- Жаңартылған бағдарлама өтіп жатқанына 3-ақ жыл болды. Соған байланысты біз жас мұғалімдерге, орта буын мұғалімдерге көмек көрсеткіміз келеді. Өзіміз жаңартылған бағдарламаны зерттеп келіп, оның астарын үйретіп, олар жаңа бағдарламаны түсінгеннен кейін барып, осы семинарды өткізіп жатырмыз.
Аманкелді СЕЙТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
