Қазақстанның үздік ЖОО анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның үздік ЖОО анықталды

01.08.2014
Қазақстанның үздік ЖОО анықталды

Қазақстандағы 20 үздік жоғары оқу орны анықталды. Оны еліміздегі аккредитация және рейтинг жөніндегі тәуелсіз агенттігі жүргізген.

Сауалнама кезінде төрт негізгі бағыт:  студенттердің, оқытушылардың, зерттеушілердің сапалық құрамы, академиялық мобильдік байланыс, түлектердің сұранысқа ие болуы, бәсекеге қабілеттілік басты назарға алынды.

Үздік үштікті Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті бастап тұр. Екінші орында -  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті болса, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті үшінші орынға лайық, деп танылды.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу