Қазақстанның үздік мемлекеттік қызметкері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның үздік мемлекеттік қызметкері анықталды

09.06.2023

Астанада «Қазақстанның үздік мемлекеттік қызметкері» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бұл байқауға 500-ден астам өтініш түскен. Жоба «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық орталығының бастамасымен ұйымдастырылды. Тәуелсіздіктің маңызын жастарға түсіндіру мақсатында өткізілген шараға ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен өзге де азаматтар қатысты. Үздік шыққандарға арнайы төсбелгі берілді.

Әзірет Сатылған,  «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы директоры: 

Сол еңбек адамдарының үлгілі жолын, қиыншылықта атқарған қызметі, мемлекетті сақтап қалу бағытында жасаған еңбегін кейінгі жастарға үлгі етуді мақсат еттік. Әділ-қазылар өздері іштей жеңімпаздарды іріктеп, қатысқан  500 адамның арасынан  150-ін бүгін марапаттаудамыз.


Хабарламаларға жазылу