Жақсылық Үшкемпіров: Төл спортымыз кез келген чемпиондықтың бастауы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жақсылық Үшкемпіров: Төл спортымыз кез келген чемпиондықтың бастауы (ВИДЕО)

02.07.2017

«Қазақстан барысының» тікелей эфирдегі көрсетілімі басталды.  Жалпы, «Қазақстан» және «Kazsport» арналары бұл мегажобаны жыл сайын тікелей эфирде көрсетіп келеді.

«Барыс арена» стадионында арнайы жасақталған студияның алғашқы қонағы Мәскеу Олимпиадасының чемпионы - Жақсылық Үшкемпіров болды. Студияда Олимпиада чемпионы бүгінгі турнирге қатысты ойымен бөлісті.

«Бүкіл спорт сүйер қауымның бәрі осында. Мына үлкен спорт кешеніне 11 мың халық сыяды екен. Біздің заманымызда мұндай болмаған еді. Бұл біздің өскендігіміз, өнгендігіміз, спортты сүйгендігіміз. Сондықтан да біздің спорт әлі де дамиды деп ойлаймын.

Жапондардың ең жақсы күресінің бірі дзюдо болса, олар оны дүниежүзіне шығарды. Бізде сол сияқты қазақ күресін әлемге шығарсақ одан асқан бақыт бар ма?!»,  - дейді ол.

Айта кетейік, Жақсылық Үшкемпіров «Қазақстан барысының» 2013 жылғы турнирінде төрешілердің қатарында болған. Төрешілерге қойылар талап пен жауапкерлік турасында да  ойын ортаға салды.

Спорт шебері бүгінгі жарысқа қатысушы палуандар бірінен-бірі өтеді дей келе, жүрекжарды лебізін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Хабарламаларға жазылу