Джейми Китон кез келген затты басына жабыстыра алады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джейми Китон кез келген затты басына жабыстыра алады (ВИДЕО)

04.05.2016
 Джейми Китон кез келген затты басына жабыстыра алады (ВИДЕО)

Әлемде талай сыры ашылмаған құбылыс бар. Тіпті, қарапайым адамдар да бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Дене бітімі өзгеше ерекше қасиет қонған жандар да жетерлік.

Джейми Китон – АҚШ-тың  Иллинойс штатының тұрғыны. Ол өте сирек және ерекше қабілетке ие. Яғни, ол өзінің басына кез келген бұйымды желімсіз жабыстыра алады.

«Осыдан бірнеше жыл бұрын мен алғаш рет шашымды тақырлатып алып тастаған едім. Жаздың кезі болатын, күн ыстық. Денемді суыту үшін ішіп тұрған салқын сусынды басымда ұстадым. Сол сәтте мен жұмыс барысымен әңгіме айтып, басымда сусын барын ұмытып кетіппін. Сөйтіп, ерекше қасиетке ие болдым»,-дейді ол.

Джейми басына жабысқан бұйымдардан еш ауырлық сезінбейді. Дәрігерлер де «оның денсаулығына ешқандай қатер жоқ және бұл біз ашпаған жаратылыстың құпиясы», деп отыр.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу