Қызылордада «Жақсылық жаса!» шарасы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Жақсылық жаса!» шарасы өтуде

14.09.2018

Қызылорданың пошта қызметі «Жақсылық жаса!» қайырымдылық шарасын өткізуде. Ол үшін ғимарат ішіне «Мейірім» ағашы қойылған. Ағаштың әр жапырағында көмек қажет ететін балалардың реквизиттері көрсетілген.

Поштаға келген кез келген адам осы жапырақтардың бірінде есімі жазылған балаға сыйлықты, мысалы, ойыншық, кітап, тәттілерді сәлемдеме арқылы жолдай алады. Немесе дәл осы жерде ақша аударуға болады. Шараның басталғанына санаулы күн болса да, 27 балаға сәлемдеме жолданды, 8 науқас бүлдіршіннің есеп шотына қаражат аударылды. 

Бақыт Қалиева, қала тұрғыны:

- Бар екенін білеміз, бірақ, іздемейміз. Бір жағынан қолымыз да тимейді, енді қарбалас өмір ғой. Кішкене сыйлық болса да, ауру балаларға көмек көрсетсем деген ниетім бар. Бала қуанса, біз де қуанамыз. Баланың қуанышы ештеңеге жетпейді.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу