Геннадий Головкиннің соңғы жекпе-жекте қанша табыс тапқаны белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкиннің соңғы жекпе-жекте қанша табыс тапқаны белгілі болды

26.09.2017

Сауль Альвареспен жұдырықтасқан отандасымыз 25 миллион доллар таза пайда көріпті. Ал, мексикалық былғары қолғап шеберінің табысы 35 миллион доллар. Бұл екі боксшы үшін де рекордтық көрсеткіш. Әзірге бұл сыйақыға билеттен және ақылы трансляциядан түскен ақша кірген-кірмегені белгісіз. Бір анығы - жыл жекпе-жегін ұйымдастырушылар 100 миллион доллардан астам пайда көріп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің 16-сы күні өткен Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек төрешілер шешімімен тең аяқталған болатын. Сол кеште мексикалық боксшы айқын жеңді деп баға берген төреші қазір өз қызметінен аластатылды.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу