Е.Рыбакинаның қанша табыс тапқаны белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Рыбакинаның қанша табыс тапқаны белгілі болды

06.11.2023

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA-дің финалдық турнирінде екінші рет жеңіліп, плей-офф кезеңіне өте алмады. Мексикада өткен турнирде Рыбакина 3 ойын өткізді. Бірінші кездесуінде әлемдік рейтингте өзінен бір саты төмен тұрған америкалық Джессика Пегуладан жеңілсе, одан соң грек теннисшісі Мария Сакариден басым түсті.

Топтың қорытынды матчында қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға жол берді. Осылайша отандасымыз әлемнің үздік сегіз теннисшісі қатысқан турнирде 396 мың доллар яғни 182 миллион теңге табыс тапты.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу