Қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды

13.07.2023

Қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды. Федерациясының баспасөз қызметінің ақпаратынша, жекелей сында ширек финалға дейін жеткен Елена Рыбакина 194 миллион теңгеден астам қаржыға қол жеткізді. Жарыстың төртінші айналымнан аса алмаған Александр Бублик 118 миллион теңгеге ие болса, Юлия Путинцева жекелей және жұптық сынның алғашқы айналымда өнер көрсеткені үшін барлығы 35 миллион теңгені олжалаған.

Асылбек Данияр



Хабарламаларға жазылу