Головкинге қарсы жекпе-жекті асыға күтіп жүрмін - Келл Брук - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкинге қарсы жекпе-жекті асыға күтіп жүрмін - Келл Брук

08.09.2016
Головкинге қарсы жекпе-жекті асыға күтіп жүрмін - Келл Брук

IBF нұсқасы бойынша жартылай орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Келл Брук (36-0, 25 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (35-0, 32 КО) қарсы жекпе-жекті асыға күтіп жүргендігін мәлімдеді.

«Не жайлы сөйлесеміз? Оның бетіне соққы беруді қалап-қаламайтындығым жайлы ма? Мен қарсыластармен жақсы қарым-қатынаста болуды қалайтындардың қатарынан емеспін. Себебі қарсыластың жылы шырайылылығы таусылғанда, оған соққы беру оңайға соқпайды. Сондықтан бизнестің – бизнес болып қалғаны дұрыс.

Головкиннің қарсыласқа сыпайы екені белгілі. Біздің жекпе-жекте аса қатты трэш-токинг (бос сөз) болған жоқ. Біз бір-бірімізді қатты сыйлаймыз. Ол алдағы жекпе-жектің ерекше болатынын біледі деп ойлаймын. Бұл тек бизнес. Мен қарсыласпен тілдесудің орнына, өз командаммен бірге болғанды қалаймын. Мен Головкиннің жаттығулары мен жекпе-жектерін көрген жоқпын». – деді Брук.

Айта кетейік, Головкин-Брук кездесуі 10 қыркүйек күні Лондонда өтеді. Аталан жекпе-жекті «Қазақстан» және KazSport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Басталу уақыты сағат 00:00-де.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин-Брук жекпе-жегіне орай, kaztrk.kz сайты байқау жариялаған болатын. Байқау шарттарымен толығырақ мына жерде таныса аласыздар.

Хабарламаларға жазылу