Басты Жаңалықтар «ЭКСПО-2017»: Пәкістанның ұлттық күні

«ЭКСПО-2017»: Пәкістанның ұлттық күні

Бүгін «ЭКСПО» аумағында Ислам Республикасы Пәкістанның ұлттық күні өтті. Осы ретте ауқымды мәдени шара ұйымдастырылып, көпшілікке Пәкістанның жетістіктері көрсетілді. Бүгінде мемлекеттің драйвері - ауылшаруашылық саласы. Мұнда бидай, мақта, күріш, тары және қант өсіріліп, молынан өнім береді. Жемістің де түр-түрі шығады. Бұдан бөлек, елдегі табиғи ресурстар яғни, газ, көмір, тұз, темір де толағай табыс көздеріне айналған. Сондай-ақ, Пәкістан – әлемнің көне өркениет орталығы екені баршаға белгілі. Мұндағы тас дәуірінен ХХ ғасырға дейінгі тарихи ескерткіштер халықтың бет-бейнесі мен тұрмыс-тіршілігін бейнелейді. Адамдары ежелден қарапайым, қайсар, қонақжай және еңбекке бейім. Демек, Пәкістан павильонына келген көрерменнің көрер қызығы көп болмақ.

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Бөлісу