Басты Жаңалықтар Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ

Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ

Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін жалпы құны 193 млрд теңгені құрайтын 19 жоба жүзеге асырылмақ. 

Бұл туралы аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай Президенттің Жолдауда берген тапсырмаларын орындау барысына арналған кеңесте мәлімдеді. Өңірде Жолдауда көрсетілген ел экономикасын дамытудың жеті негізгі бағыты бойынша да тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Соның ішінде инвестиция тарту - ірі қытайлық компаниялармен жасалған келісімдер аясында, көлік және логистика, машина жасау, цифрландыру және балық шаруашылығы салаларында бірқатар жоба жүзеге асырылады. Ал көлік-логистика саласында Ақтау портында контейнерлік хабтың бірінші кезеңі іске қосылды. 2028 жылға қарай қуаты 11 млн тонна «Саржа» теңіз терминалы пайдалануға беріледі. Ақтау халықаралық әуежайында құны 1 млрд долларды құрайтын логистикалық және авиациялық хаб салу жоспарда.

Нұрдәулет Қилыбай, облыс әкімі:

Үлкен республикалық көлемдегі жобалардың біреуі Маңғыстауға тікелей қатысты Президенттің айтқан Бейнеу-Сексеуіл жолын тезірек бітіру. Қазір бізде шетелдік компаниялардың да сұрап отырғаны сол егер Бейнеу мен Сектеуілдің ортасындағы жол салынып бітетін болса, онда тасымалдау уақыты одан сайын қысқарады. Яғни, Қазақстанға ірі алпауыттардың қызығушылығы арта түсетіні сөзсіз.


Бөлісу