1 шілде - Ұлттық домбыра күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 шілде - Ұлттық домбыра күні

24.06.2018

Бұл жексенбі түрік ағайындарда ұлтты жұмылдырар сайлау. Ал, бізде келесі жексенбіде жұртты жұмылдырар Ұлттық домбыра күні. Осы тұста қазақ музыкасының қаршығасы Ахмет Жұбановтың мына бір сөзі еске түсіп отыр. «Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы қасиетті аспабы – домбыра. Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырлардың ақыл-ойы, көңіл-күйі жатыр. Домбыра – елдің көнекөз шежіресі» деп еді музыка майталманы. Келесі жексенбіде өтетін айтулы күнді атап өтуге елімізде жан-жақты дайындық жүріп жатыр. 1 шілдеде Елорданың төрінде 2 мың домбырашы бір уақытта күй тартып, аспаптың асқақ үнін аспанға шарықтатпақ. Қазіргідей дамыған заманда домбыраның үні алты қыр емес, алты құрлыққа да жетері сөзсіз. Ал, сіз осы тыңдаған адамды баурап алатын қазақтың қоңыр үнді домбырасы қалай жасалатынын білесіз бе? Базардағы самсаған аспаптар емес, сапалы үн беретін домбыраны жасауға қанша уақыт керек? Еліміздегі ең қымбат домбыралар жасалатын ағаш Африкадан келетінін естідіңіз бе? Домбыра жасау мен қоңыр үнді табудың құпиясы қандай? Мұны алматылық тілшіміз Аманкелді Сейітхан зерттеп көрді.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу