1 шілде күні дүниеге келген нәрестелер домбыралы болды

02.07.2018
1 шілде күні дүниеге келген нәрестелер домбыралы болды

Ұлттық домбыра күні Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Қасиетті домбыра» атты акция бастау алды. Оның аясында елдегі 200 перзентханада бірінші болып дүниеге келген сәбилерге ұлттық аспап тарту етілді. Бұл күні таңғы сағат 9-ға дейін Астананың үш перинаталды орталығында 29 нәресте өмірге келген.

Алуа Бекбота, Астана қаласының тұрғыны:

- Бүгін таңертең 4.30-да босандым. Ұл босандым. Салмағы – 3700, бойы – 52 см. Әрине, осындай күні дүниеге келгеніне қуаныштымыз.

Леонид Прокопенко, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

- Домбыра – қазақ халқының нышаны. Ол қазақтың өмірлік жан серігі. Сондықтан, біз Президент бастамасын қолдап, осындай акцияны қолға алдық.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу