Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы - Ұлттық арнадағы ең іргелі ұжым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы - Ұлттық арнадағы ең іргелі ұжым

11.03.2018

Ұлттық арнада  сан түрлі саланы қамтып, шалғай мен шаһарды, ел мен жаһанды назарында ұстап, ақпараттың ең маңызды да өзектісін теріп, салмақтысын сүзіп, көрерменнің зейініне салатын ұжым және бөлім бар. Атауы – ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы. Былайша айтқанда, жаңалықтар. Тап осы бөлімді көпшілік телеарнаның жүрегіне теңейді. Шамасы, ең ауыр жүк пен жауапкершілікті арқалағандықтан болар. Оның үстіне, бүгінде ақпараттың ағысы қуатты, шекарасы жоқ. Ақпардың бүтіні мен бүлінгені бірге қалықтаған заман. Сол себепті, көрермен теріс мәліметтерді термес үшін біздің ұжым сан түрлі ақпарды күнделікті сараптап, жіліктейді.

Мұнда арзан әзіл мен сауатсыз да, саптаусыз сөз айтып, танымалдыққа таласып, сахнамен тең түсетін эфир атты киені бүлдіріп жатқан журналистер жоқ. Біздің тілшілер телеарнаның қара жұмысын еңсеріп, қазанаттай ақпараттың аламанында жүр. Арзанға ауа салатын рейтинг атты қаңбақты қумай, сапаны саялатқан да осы - бөлім.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу