«Қазақстан» телерадиокорпорациясының қызметкерлері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының қызметкерлері марапатталды

25.12.2020
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының қызметкерлері марапатталды

Бүгін «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Басқарма Төрайымы Ләззат Танысбай жыл қорытындысы ретінде ұжым қызметкерлерін марапаттады.  

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін иеленгендер қатарында «Қазақ радиолары» ЖШС «Шалқар» радиосының жүргізуші-редакторы Бағдагүл Шарғынова, Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры Жалғас Сәдібекұлы, «Qazsport» телеарнасының редакторы Аян Күшбаев бар.

Сондай-ақ, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің Құрмет грамотасын Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы тілшілер қосынының шеф-редакторы Нұргүл Ахметова иеленді.

Сондай-ақ, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің Құрмет грамотасын Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы тілшілер қосынының шеф-редакторы Нұргүл Ахметова иеленді.

Ал, Корпорацияның «Алтын жаршы» төсбелгісі Эфирлік саясат департаменті дубляж бөлімінің бастығы Гүлнар Рахимоваға табысталса, «Күміс жаршы» төсбелгілерін Эфирлік саясат департаменті бағдарламалау және эфирді шығару бөлімінің бастығы Бағжан Бимұратова мен «Қазақ радиолары» ЖШС «Қазақ радиосы» мен «Шалқар» радиоарналарының Алматы студиясының жетекші редакторы Оңғарбек Құралов иеленді.

Сонымен қатар, Басқарма Төрайымының Алғыс хатымен корпорацияның 30 қызметкері марапатталды. Олардың қатарында Ұлттық арна, «Qazsport», «Abai TV», «Balapan» телеарналарының қызметкерлері мен «Аpta» бағдарламасының жетекші-жүргізушісі, интернет редакция жетекшісі, «Ашық алаң» мен «Теледәрігер» бағдарламаларының продюсерлері бар.




«Қазақстан» РТРК» марапат Ләззат Танысбай Ұлттық арна

Хабарламаларға жазылу