«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Жалауқызы әріптестерін төл мерекелерімен құттықтады (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Жалауқызы әріптестерін төл мерекелерімен құттықтады (ФОТО)

25.07.2016
«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Жалауқызы әріптестерін төл мерекелерімен құттықтады (ФОТО)

Бүгін Астанадағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай салтанатты жиыны өтті. Жиынды «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жалауқызы құттықтау сөзімен ашты.

«Биылғы жыл еліміз үшін айтулы, салтанатты жыл. Бүгінгі төл мерекемізге Корпорация жағымды жаңалықтарымен келді. Осы көктемде өткен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын жоғары деңгейде өткіздік. Сондай-ақ, Елбасымыздың 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру жолында ақпараттық сүйемелдеуді кәсіби шеберлікпен ұйымдастырып келеміз.

Оның жарқын көрінісі ретінде біздің бірқатар қызметкерлеріміз  Елбасымыздың Алғыс хатына ие болды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын көтеріңкі көңіл-күймен, шығармашылық шабытпен қарсы алуларыңызға тілектеспін. Амандықта болайық»,-деді корпорация басшысы.

Салтанатты шара барысында еліміздегі ақпарат саласын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның қызметкерлері  Қаракөзова Гүлмира Әлібекқызы («Астана» радиосының директоры), Нығметова Мейрамгүл Исатайқызы («Шалқар» радиосының шолушысы), Әлібек Дархан Шарханұлы (АБД операторлар бөлімінің қоюшы-операторы) «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауына «Нұр Отан» партиясының сайлау науқанына белсене қатысқаны үшін «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен мына қызметкерлер марапатталды:

Олжаев Қайнар Қалиақпарұлы – Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары;

Абишева Гүлнаш Болатқызы – «Қазақстан» ҰТА бас режиссері;

Бабенко Владимир Владимирович – Техникалық қамтамасыз ету департаменті студиядан тыс хабар тарату бөлімінің бастығы;

Досмағанбетова Жазира Оразқызы – «Қазақстан» ҰТА ақпараттық бағдарламалар дирекциясы тілшілер бөлімінің тілшісі;

Жиенәлі Мейіржан Әлібекұлы – «Қазақстан» ҰТА бағдарламалар дирекциясы «Apta.kz» бағдарламасының редактор-жүргізушісі;

Қалжанов Сапарақын Зұлпыхарұлы - «Қазақстан» ҰТА ақпараттық бағдарламалар дирекциясы операторлық бөлімінің қоюшы телеоператоры;

Оразбаева Мәрмәр Иранбекқызы - «Қазақстан» ҰТА ақпараттық бағдарламалар дирекциясының бас режиссері;

Ұзақбаев Ғабит Насыруллаұлы - «Қазақстан» ҰТА ақпараттық бағдарламалар дирекциясы тілшілер бөлімінің аға тілші-жүргізушісі;

Баймақова Аида Нұрланқызы – Радиохабар тарату дирекциясы «Астана» радиосының ақпараттық-бағдарламалар қызметінің жүргізуші-редакторы.

 

«Қазақстан» РТРК» АҚ Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай аймақтардағы тележүргізушілер арасында «Арнаның бетке ұстарлары» атты  байқау жариялаған болатын.  

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Жалауқызы әріптестерін төл мерекесімен құттықтады

Екі турдың қорытындысы бойынша «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының жаңалықтар қызметінің жүргізушісі  Гүлзада Ізденова 3-орынға табан тіресе, «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының «Жаңалықтар» бөлімінің аға-редакторы Асылбек Тойбеков 2-орынды иеленді.

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Жалауқызы әріптестерін төл мерекесімен құттықтады

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Жалауқызы әріптестерін төл мерекесімен құттықтады

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының «Жаңалықтар» бөлімінің редактор-жүргізушісі Райгүл Еншібай 1-орынды қанжығасына байлады.

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Жалауқызы әріптестерін төл мерекесімен құттықтады

Ал, Гран-При иегері болып, «Қазақстан-Орал» телеарнасының бағдарламалар жүргізушісі Сапиолла Гүлден атанды.

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Жалауқызы әріптестерін төл мерекесімен құттықтады

Жеңімпаздар «Қазақстан» РТРК» АҚ басшылығының арнайы дайындаған дипломдары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мен Корпорацияның дамуына қосқан шығармашылық үлесі және жоғары кәсіби шеберлігі үшін төл мерекеге орай Басқарма төрағасының Алғыс хатымен төмендегі қызметкерлер марапатталды:

Жұлдызай Ноғайбайқызы – «Қазақстан» ҰТА таңғы ақпараттық ойын-сауық бағдарламалары шығармашылық бірлестігінің 1-санаттағы редакторы;

Жанар Ерболатовна Жумекенова - «Қазақстан» ҰТА бағдарламалар өндірісі жөніндегі шығармашылық бірлестігінің режиссер-ассистенті;

Самал Тұрсынбайқызы Жайнақова - «Қазақстан» ҰТА кинокөрсетілім және дубляж бөлімінің продюсері;

Саясат Сабыржанұлы Дүйсенбиев - «Қазақстан» ҰТА операторлық бөлімінің телеоператоры;

Табиғат Байырбекұлы Алдуашев - «Қазақстан» ҰТА бейнемонтажерлар бөлімінің 2-санаттағы бейнемонтажері;

Бақытжан Орынбекқызы Қойшыбаева - «Қазақстан» ҰТА бейнеқорының аға редакторы;

Қанат Жарылқасынұлы Берсенқұлов - «Қазақстан» ҰТА дыбыс режиссерлік бөлімінің 2-санаттағы дыбыс режиссері;

Арыстан Әбілбекұлы Рысбеков - «Қазақстан» ҰТА ақпараттық бағдарламалар дирекциясы аудармашылар бөлімінің басшысы;

Айдос Әшімұлы Нығыманов - «Қазақстан» ҰТА ақпараттық бағдарламалар дирекциясы шығарылым бөлімінің шеф-редакторы;

Мөлдір Болатқызы Ақбұлтаева - «Қазақстан» ҰТА ақпараттық бағдарламалар дирекциясы режиссерлік бөлімі режиссерінің ассистенті;

Айгүл Жағыпарқызы Тұхтаметова - «Қазақстан» ҰТА ақпараттық бағдарламалар дирекциясы режиссерлік бөлімі режиссері;

Айқын Дәлелұлы Бекетаев - «Қазақстан» ҰТА ақпараттық бағдарламалар дирекциясы операторлық бөлімінің қоюшы телеоператоры;

Анаргүл Асқарқызы Хабибуллина – «Балапан» телеарнасының продюсері;

Дидар Нұрланқызы Тасыбаева – «Балапан» телеарнасы режиссерінің ассистенті;

Азамат Жаңаталапұлы Смайлов – «Kazsport» телеарнасының эфир режиссері;

Аян Нұрғазыұлы Күшбаев - «Kazsport» телеарнасының редакторы;

Руслан Бекжанұлы Дәулетов - «Kazsport» телеарнасының бас режиссері;

Сымбат Талғатқызы Танашева – Радиохабар тарату дирекциясы «Астана» радиосы ақпараттық-бағдарламалар қызметінің жүргізуші редакторы;

Айгүл Айкен-Аяпбергенқызы – Техникалық қамтамасыз ету департаменті техникалық бөлімінің бас маманы;

Қуаныш Серікұлы Кемелов – Техникалық қамтамасыз ету департаменті  PXT құрылғыларын эксплуатациялау бөлімінің басшысы;

Мұрат Рысқабиұлы Ерғалиев - Техникалық қамтамасыз ету департаменті сервистік қолдау және әкімшілендіру бөлімінің басшысы;

Белжан Жанұзақұлы Бейісов - Техникалық қамтамасыз ету департаменті студиядан тыс хабарлар тарату бөлімінің жетекші инженері;

Рахымжан Кемел Әмірханұлы – Стратегиялық маркетинг департаменті әлеуметтік медиамен жұмыс жөніндегі бөлімінің редактор-аналитигі;

Айдын Дүйсенбайқызы Егізова - Стратегиялық маркетинг департаменті интернет-редакциясының веб-сайт редакторы;

Марат Қайратұлы Шарипов - Стратегиялық маркетинг департаменті интернет-редакциясының мобильдік қосымша бойынша маманы;

Ілияс Қанатұлы  Қыдырбаев - Стратегиялық маркетинг департаменті анонс бөлімінің киноанонс редакторы;

Олжас Манасұлы Батқалов - Стратегиялық маркетинг департаменті креативті  дизайн тобының суретші-дизайнері;

Айнұр Болатханқызы Омарова - Стратегиялық маркетинг департаменті анонс бөлімінің шеф-редакторы;

Рәзия Нижатқызы Ыдырысбаева – филиалдармен жұмыс жөніндегі департаменттің продюсері.

 

Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!

Хабарламаларға жазылу