Ет экспорттаудағы әлеует әлді емес. Себебі неде?
Осыдан тура алты жыл бұрын Елбасы еттің экспортын 60 мың тоннаға жеткізу туралы атқарушы билікке пәрмен берген.
Көзі қарақты көптің есінде болар. Осыдан тура алты жыл бұрын Елбасы еттің экспортын 60 мың тоннаға жеткізу туралы атқарушы билікке пәрмен берген. Бірақ бұл міндетті бұлжытпай орындамақ түгілі, 20 мың тоннаға жеткізудің өзі мұң болып тұр.
Иә, қазынадан қыруар қаржы да шығындалды осы бастамаға. Бірақ, нәтиже жоқ. Көзімізбен жер шұқып, беттің ұшы қызарса ғой, тым болмағанда. Ол да жоқ. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев етті экспорттау мәселесін тағы еске салып, Асқар Мырзахметовке ескерту жасаған еді, есіңізде ме?
Президент айтып отырған елдерден 5 жылда 62 мың асыл тұқымды ірі қара әкелініп, 180 мың мал басына арналған бордақылау алаңдары ашылды. Фермерлік шаруашылықтардан 2200 мыңнан астам ірі қара сатып алынды.
Содан бері Зеңгі баба төл беріп, саны еселенгені айтпаса да түсінікті. Алайда, етті экспорттаудағы әлеуетіміз әлсіремесе, әлденіп кеткен жоқ. Оның себебі мен салдары неде?
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Автор
Армангүл Тоқтамұрат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17