Оралда Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Біздің қуатымыз - бірлікте» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық форумы өтті

Оған аймақтағы 50-ден астам ұлттық мәдени орталықтардан бөлек, еліміздің түкпір-түкпірінен түрлі этнос өкілдері түгел жиналды.
Қазіргі қазақ қоғамы ерекше қастер тұтатын дүние ол - елдің ауыз бірлігі. Көпэтносты мемлекет болғанымызға тарих ақтаңдақтары куә. Тектілік танытып, ешкімді сыртқа теппедік. Тек соның қайтарымы болар, қазір кей елдер қырық пышақ болып жатқанда қазақ көктемнің алғашқы күні-ақ бір-біріне алғысын айтып, риясыз көңілмен Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өту шараларын бастап кетті.
Осы апта Оралда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Біздің қуатымыз - бірлікте» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық форумы өтті. Оған аймақтағы 50-ден астам ұлттық мәдени орталықтардан бөлек, еліміздің түкпір-түкпірінен түрлі этнос өкілдері түгел жиналып, Қазақ халқына ақжарма тілектерін айтты.
Аймаққа сапары кезінде Президент бірқатар әлеуметтік-экономикалық нысандарды аралады. Соның бірі де, бірегейі құрылыс материалдарын шығаратын комбинат.
Комбинаттың артықшылығы сол, ұсақ-түйек дүние жасамайды. Көп қабатты тұрғын үйдің қаңқаларын міне, мынау секілді есік-терезесімен бірге біржолата бір-ақ жасайды.
Бұл өз кезегінде құрылысшылардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, тұрғын үйдің тез бой түзеуіне де көп көмегін тигізеді. Әрі, дайын қабырға жасайтын комбинаттағылар қаңқаның сапасына қам жемеу керек. Кез келген стандартыңа сай дегенді айтады.
Орал. Өңірге табаны тиісімен Нұрсұлтан Назарбаев бірден «Болашақ-Т» құрылыс комбинатына ат басын тіреді. Өлкедегі құрылыс саласында өзіндік өрнегі бар өнеркәсіптің арқасында аз уақыттың ішінде жүздеген отбасы қоныс тойын тойлаған.
Қазір баспана қазақтың басты проблемасы. «Үйсіздердің» қатары аз емес. Сондықтан да, «Өз үйім, өлең төсегім» қол жетпес армандардың алды. Нарықтық бағаны қалта көтермейді. Ал, мемлекеттің селбесуімен үй алу бақыты қыруар жылды қажет етеді. Қуатты құрылыс комбинаты болса, бұл түйіннің шешімін өзінше тапқан.
Армангүл Тоқтамұрат, тілші:
Бұл құрылыс комбинатының ерекшелігі - үй қабырғаларын құрылыс басында емес, дәл осы жерде жасайды. Есік-терезесі орнатылған дайын қабырғаларды құрылыс нысандарына апарып қоя салады. Осындай технологияның арқасында 9 қабатты үйді, екі ай ішінде салуға болады екен.
Кәсіпорынның құрылыстағы құрастыру технологиясы ерекше. Ел көлемінде алғаш болып үй қабаттарын тұтастай салуды қолға алған. Бірден үш қабатты көтеруге қауқарлы. Әуелі қабырғасы қаланады, сосын бейне бір ойыншық тәрізді жылдам құрастырылады.
Қайдар Қошанов, «Болашақ-Т» ЖШС бас директоры:
Бұдан салынған үйлер жылы болады. Шапшаң құрылыс монтаждары жүреді. Ауа райына қарамай, арзандығы басқа шаршы метрге келгенде басқа технологиядан жақсы. Қуаттылығы жылына 50 мың шаршы метр.
Мемлекеттік бағдарлама аясында ісін ілгерілеткен жобаның құны 2,5 миллиард теңге. 70-тен астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Үй тұрғызуға қажет құрастырмалы жүйе мен бетон бұйымдарын шығаратын кәсіпорынды аралап, құрылыс жұмысымен танысқан Елбасы, жұмысшылармен емен-жарқын тілдесті.
Қазір, еңбек етіп, нәпақа табамын дейтіндерге мүмкіндік мол. Қолдау бар. Қаржылық дағдарыс қос бүйірден қысса да, мемлекет жұмыс орындарын қысқартпай, жаңаларын ашып жатыр.
Өңірлер дамып, үй құрылысы көбеюде. Осыны айтқан Мемлекет басшысы, ұжымға табыс тілеп, жұмысқа қажетті жайлы жағдайдың жасалатынын айтты.
Бұдан соң, Нұрсұлтан Назарбаев, қаланың мәдени тұрмысымен де танысты. Таяуда ғана есігін айқара ашқан Қадыр Мырза Әлі орталығына бас сұқты. Музейді аралады.
Қазақтың қадірі — Қадырдың жырларында әдемі айшықталған. Ақиық ақын саналы ғұмырын ұлтымыздың мәдениеті мен әдебиетіне сарп етті. Орталықта ақынның мұралары шашауы шықпай жинақталған. Сондай-ақ, бұл жерде мәдениет, өнер және әдебиетке қатысты мол мұра шоғырланған.
Бауыржан Халиолла, Қ.Мырза Әлі атындағы өнер орталығының директоры:
Бұл орталық әдебиетке, мәдениетке жалпы шығармашылық адамына деген құрметпен ашылған орталық деп қабылдауымыз керек.
Аумағы 3 мың шаршы метрден асатын ғимаратта Қадыр Мырза Әлінің мұражайы мен жеке кітапханасы, 1125 орындық амфитеатр, бірнеше мәжіліс және көрме залдары бар. Нұрсұлтан Назарбаев, орталықтағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаға да бас сұқты. Залда бір топ зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, келелі әңгіме өрбітті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Мен бұрыннан танитын едім. Қалжыңдасып жүретін едік.
Елбасы әлемдік экономиканың жаңғыруына ғылыми жетістіктер мен инновациялар негіз болатынын айтты. Себебі, ғылым қарыштап дамуда. Жүйріктей жүйткіген заман көшінен қалмау үшін білімді ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет.
Жаңабек Жақсығалиев, М.Өтемісов атындағы университеттің оқытушысы:
Біз Сізге сенеміз, Сізбен біргеміз!
Бүгінде ғылым да білім де ағылшын тілінде. Сондықтан, тілді жетік меңгеруіміз тиіс. Әлбетте, қазақ пен орыс тілін де білу – заман талабы,-деді Мемлекет басшысы.
Нина Павлычева, журналист:
................
Елбасын қаумалаған ел, Ұлт көшбасшысына елдегі татулық пен келісімді сақтап дамытуға, қауіпсіздігі мен бейбітшілігін қорғаудағы салиқалы саясаты үшін алғыстарын білдірді.
«Біздің күшіміз – бірлікте». Оралда Елбасының келуіне орайластырылған форумның ұраны осы. Үш мың адам қатысқан шара Ұлы дала еліндегі берік бірліктің бекемдігін айғақтады.
Армангүл Тоқтамұртат, тілші:
Таяуда ғана Қазақ елінде «Алғыс айту» күні тұңғыш рет кең көлемде тойланды. Бүгінгі шара, сол мерекенің жалғасы іспетті. Өйткені, мақсат – бір. Халық татулығы мен бірлігін одан әрі нығайту.
Бүгін мына алып алаңға өңірде өсіп-өніп жатқан барлық этностың өкілдері жиналды. Халықтың ынтымағы жарасқан елде бақытты ғұмыр сүріп жатқанын бүгінгі көңіл-күйлерінен-ақ, бағамдауға болады.
Бірлік пен татулық Қазақстан халқының басты құндылығы. Ал, күш – бірлікте, бірлік – тұрақтылықта. Тұрақтылық Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдей түспек.

Биылғы жыл 25 жылдық деген өте үлкен мереке біз үшін. Бұрын-соңды болмаған ел құрдық. Оның терезесін басқа елдермен тең еттік. Дүниежүзі сыйлайтын Қазақстан болды. Барлық жерге барсаң, Қазақстанды білетін болды. Осының барлығын біз Сіздермен бірге жасадық.
Қазақстан – этносаралық бейбітшілік пен келісімнің мекені. Жүздеген ұлт пен ұлыс, бір шаңырақ астында айрандай ұйып отыр. Себебі, біз халықты алалап, тілі мен дініне қарап бөліп жармаймыз. Барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтары тең.

Бұл орайда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі зор. Осы жылдар ішінде ол елдегі этностарды жақындастырды, әрбір мәдениеттің озық үрдістерін паш етті. Бір қарағанда, әр этностың дәстүрі бір-біріне ұқсамағанымен, олардың түпкі мәні бір.
Әртүрлі атап жүрсек те, этникалық мерекелердің уақыты мен себептері үйлесіп тұрады. Біз барлық этностардың мерекелеріне ықыласпен қатысамыз. Өйткені, қазақстандықтар бірліктің, бейбітшіліктің, тыныштықтың, бақыт пен мейірімнің айрықша рухын қалыптастыра білді.
Мұндай ел ғаламда жоқ. Оны әлем қауымдастықтары баяғыда мойындаған. Қазір, қазақ жерінде 900-ден астам этномәдени орталық жұмысын жандандырып отыр. Жағдайы бар, қауіпсіз Қазақстан олар үшін туған жерден де артық.

Олар ана тілі мен тарихын оқиды, өз діндерін ұстанады, ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтайды. Біздің газет-журналдарымыз 15 тілде шығады, ал театрларымыз 7 тілде сөйлейді. Барлық облыста кіші Ассамблеялар тиімді жұмыс істейді.
Қазақстандықтардың татулығы мен келісімі – қоғамды ұйыстырушы күш. Көпэтносты елдің стратегиялық артықшылығы екенін біз іс жүзінде дәлелдедік. Ассамблеяның жастармен жұмысқа көбірек көңіл бөле бастағаны өте маңызды. Нақ осы жастарға өмірлік айқын бағдар беру керек, оларды күмәнді идеялардың ықпалынан қорғау қажет.
Қазір, әлемде тұрақсыздық. Қантөгіс. Соғыс. Салдарынан қаншама елдің іргесі шайқалып, халқы босқынға айналып жатыр. Ал, Қазақ елі достық пен сыйластықтың арқасында алауыздықтан аман.

Осындай жағдайда әрбір қазақстандық татулық пен қоғамдық келісімнің шынайы бағасы қандай екенін, диалог, бір-біріне деген құрмет, төзімділік пен толеранттылық жолын таңдау арқылы қандай қайғы-қасіреттерден аман қалғанымызды жете сезіне бастады.
Біздің тәжірибемізді енді өзге мемлекеттер зерттеп, пайдаланып жатыр. Қазақстанның болашағы зор. Біз Сіздермен бірге барлық қиындықтарды еңсереміз, алға жылжу үшін мемлекет барлық шараны іске асырады.
Әлемдік нарықтағы тұрақсыздыққа қарамастан, өңір әлеуметтік маңызы бар 33 тауардың 24 түрін өндіріп отыр. Үш ауданда жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуық автомобиль жолы салынып, облыстағы елді мекендердің түгелге жуығына газ жеткен. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығында аймақта 32 жоба жүзеге асырылып, 2 мың адам жұмыс тапқан.

Орал қаласы - еліміздің жарқыраған жақұты. Батыс Қазақстан облысы Еуропа мен Азия арасын байланыстырушы өңір ретінде біздің экономикамызда әрдайым маңызды рөл атқарып келеді.
Өңір орасан зор транзиттік әлеуетке ие, біз оны дамыта түсетін боламыз. Бүкіл Қазақстандағы сияқты мұнда дағдарысқа қарсы жұмыс жақсы жүріп жатқанын көріп отырмын.
Қиын кезеңге қарамастан, Орал қаласының дамуы қарқынды. Елбасы өңірдегі игі өзгерістерге оң бағасын берді. Үнемі қолдау көрсетіп, риясыз сенген халқына алғысын айтып, сайлауға белсенді қатысып, дауыс беруге шақырды.

Әрбір адамның сайлауға келіп дауыс беруі – әлемдік қауымдастық алдында Қазақстан үшін маңызды. Бұл – Қазақстанның тұтас, бір ел екенін, мемлекетімізді алға сүйрейтін Парламентті сайлайтынын көрсетеді.
Тек сол кезде, елімізге инвестиция көптеп тартылып, көптеген жаңа нысандар саламыз. Сіздердің Отанға деген шексіз махабаттарыңыз, еңбектеріңіз, қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Еліміз аман болсын!
Саяси қуғын көріп, қазақтың дархан даласына келіп пана тапқан өзге этнос өкілі көп. Олар ашаршылықта жеген құйқаның дәмін ешуақытта ұмытпақ емес.
Ирина Дульцева, мұғалім:
Біз таяуда отбасымызбен Украинадан Қазақстанға көгіп келдік. Мен қазір Ақтөбе қаласында тұрамын, еңбек етемін. Осындай мүмкіндік бергеніңіз үшін Сізге алғыс! Бұрын біз Қазақстанды тек картадан көретінбіз.
Қазір, үлкен мүмкіндіктерді бар үлкен мемлекет ретінде білемін. Менің жолдасым жоғары жалақысы бар жұмысқа орналасты, қызым балабақшаға барады. Өзім ұстазбын. Мамыражай елде жақсы көретін ісіммен айналысып жатырмын. Сол үшін Сізге алғыс айтамын!
Алқалы жиын мерекелік сән-салтанатқа ұласты. Қазақстан – бірлігі берік, берекелі мемлекет. Ырысы мен ынтымағы жарасқан ел. Тек, осылай өмір сүрсек қана, басқа елдерден мерейіміз үстем, тұғырымыз биік болмақ.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Автор
Армангүл Тоқтамұрат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауғанстанда зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр
12.09.2025, 19:57

Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 19:57
«Respublica» партиясы: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда
12.09.2025, 19:53
Каспий теңізінің тартылуы балықшылардың кәсібіне қиындық келтіруде
12.09.2025, 19:53
Шымкентте жүрек ауруларын зерттейтін жаңа орталық ашылды
12.09.2025, 19:49
Непалда уақытша премьер-министр тағайындалмақ
12.09.2025, 19:49
Редакция алқасы Қазақстан тарихының ІІ томын басып шығаруға әзірлеу үшін бекітті
12.09.2025, 19:48
Реформалар өз нәтижесін беруі тиіс
12.09.2025, 19:47