Онда заңсыз миграцияны тоқтату туралы алдын-ала келісім жасалды.
Осы аптаның басында Брюссельде Еуропа одағы-Түркия саммиті өтіп, онда миграция туралы алдын-ала келісім жасалды. Бұл пәтуаға сәйкес, екі жақ босқын алмастырады. Яғни, бұдан былай теңіздегі қауіпке қарамастан, Грекияға ағылып жатқан арабтар, ирандықтар, африкалықтар мен ауғанстандықтар Түркияға қайтарылады.
Сол жерде іріктеліп, олардың баспана алуға лайықтылары ғана Еуропаға қайта жөнелтіледі. Қысқасы, Еуропаға заңды, Түркияға заңсыз мигранттар қоныстанады. Осылайша, Қарт құрлыққа бей-берекетсіз көшті тоқтатуға келіскен Анкараға миллиардтаған еуро көмек беріліп, түріктердің Еуропа одағына визасыз қатынауына жол ашылайын деп отыр.
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанды халықаралық ақпарат құралдары кейінгі кездері «Еуропаның Дональд Трампы» деп атап жүр. Өйткені, бұл шенеунік те шекараны жауып, ел аумағына, одақ территориясына мигранттарды кіргізбеу туралы ұранды жиі көтереді.
Орбанның ойынша, Таяу Шығыс пен Африкадан жеткен мұсылмандар – басқыншылар ғана емес, Еуропаның христиандық негізіне қауіп төндірушілер де. Ал, былтыр қазанда Венгрия Сербиямен, Хорватиямен арадағы шекарасын жапты. Сол үшін Орбан талай сын естіді.
Бірақ, осы аптада оның айтқандары Еуропа үшін ортақ саясатқа айналғандай. Дүйсенбі-сейсенбі күндері Брюссельде Еуропа одағы-Түркия саммиті өтіп, онда заңсыз миграцияны тоқтату туралы алдын-ала келісім жасалды.
Дональд Туск, Еуропа кеңесінің президенті:
Біріншіден, мен Еуропа одағы лидерлері қабылдаған шешімді жариялағым келеді. Оған сәйкес, Батыс Балқан арқылы өтетін заңсыз миграция тоқтатылуы керек.
Анкара мен Брюссель қорытынды келісімге наурыздың 17-18-і күндері қайта өтетін саммитте қол қоюдан үмітті. Жаңа жобаны түрік үкіметінің басшысы Ахмет Давутоғлы ұсынды.
Бұл жоспарға сәйкес, Еуропа одағы Эгей теңізі арқылы Грекияға жеткен барлық заңсыз мигранттарды Түркияға қайтарады. Ал, Түркия жерінде шоғырланған сириялық босқындар Еуропа одағына жеткізіледі.
Түркия Грекиядан қайтарылған босқындарға Еуропада баспана беру мәселесін өз жерінде анықтап, олардың сұрыптаудан өткендерін ғана одақ елдеріне кезек бойынша жібереді. Сондағы мақсат – Еуропаға адамдарды заңсыз тасымалдаушылардың жолын кесу.
Ахмет Давутоғлы, Түркия премьер-министрі:
Бүгін ұсынып отырған жоспарымыздың көздегені – босқындар өмірін сақтау және де олардың ауыр жағдайын өз мүддесіне пайдаланып жүрген заңсыз адам тасымалдаушылардың әрекетіне кедергі жасау.
Еуропалықтардың пікірінше, мұндай тәсіл мигранттардың бей-берекетсіз көшін тәртіпке келтіріп, олардың Грекияға қауіпті жолмен баруын тоқтатады. Айта кету керек, биылдың өзінде Эгей теңізінде 450-ге жуық босқын қаза тапты немесе жоғалып кетті.
Таяу Шығыс пен Африкадағы кедейшілік пен соғыстан қашқандардың арманы – Германия мен Скандинавияның бақуатты мемлекеттеріне жету. Бірақ, Балқан елдері шекараларын жауып жатқандықтан, олар Грекияға жиналып, онсыз да экономикалық дағдарысты еңсере алмай отырған елге үлкен салмақ түсіріп отыр. Сондықтан, Еуропа одағы-Түркия келісімі гректердің де жағдайын жеңілдетіп, бұл елге Таяу Шығыстан ғана емес, Африкадан келемін деушілерге де жолды жаппақ.
Алексис Ципрас, Грекия премьер-министрі:
Мен мына жайтты айтып өткім келеді. Заңсыз мигранттарды қайтару туралы келісім - үшінші жақтан, мысалы, Батыс Африкадан келгендерге де ескерту. Бүгін қолға алған шара аясында бұдан былай Еуропаға бару оңай болмайды.
Түркия өз жағалауынан Грекияға кетіп жатқандарды қайтаратын болса, түріктер Еуропа одағына маусымның соңында-ақ визасыз қатынай бастайды. Сонымен қатар, Түркияны Еуропа одағына қабылдау жөніндегі келіссөздер жеделдетіледі.
Бұған қоса, дүйсенбідегі келісім бойынша, Брюссель түрік жеріндегі босқындарды азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен, баспанамен қамтамасыз етуге, олардың балаларын оқытуға 3 миллиард еуродан астам қаражат бөледі.

Түркия көп қаражат сұрап отыр дейсіз бе? Жоқ. Түркия ешкімнен ақша талап еткен жоқ. Түркия босқындарды өзінің мемлекеттік бюджетімен асырап отыр. Анығы осы. Біз сириялықтардың басындағы ауыртпашылықты бірлесіп көтеруді талап етіп отырмыз.
Бүгінде Түркия аумағындағы босқындар саны 2 миллион 700 мыңға жетіп отыр. Көбі – Сириядағы соғыстан қашқандар. Адам құқығын қорғау ұйымдарының мәліметіне жүгнсек, олардың басым бөлігі Түркия азаматтарының үйінде немесе өз бетінше күн кешіп жатыр. Аз бөлігі ғана үкімет құрған лагерлерден пана тапқан.
Брюссель-Анкара келісімі күшіне енетін болса, түрік жерінде Еуропадан қайтарылғандар есебінен босқындар саны тіпті көбейеді. Оларды тіркеуге, үйге жайғастыруға, көп жағдайда отандарына қайтаруға тура келеді. Ал, Германияға заңсыз жолмен кетемін деушілер тұтқындалып, болашақта Еуропаға жөнелтілетіндер тізімінің соңына қойылады.
Жан-Клод Юнкер, Еуропа комиссиясының президенті:
Бұдан былай сириялықтарда Эгей теңізінен өту үшін қылмыскерлерге ақша төлейтін ынта болмайды. Ал, мұндай әрекетке бәрібір барған босқындар Түркияға қайтарылып қана қоймай, Еуропаға заңды түрде көшірілетіндер тізімінің соңына жазылады.
Грекия жағалауына жеткен мигранттарды Түркияға қайтару жоспары бүгінде үлкен сынға ұшырап отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл келісім босқындарды «тобымен, озбырлықпен, заңсыз қууға» жол ашады деп есептейді. Ал, «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы Анкара-Брюссель пәтуасын арсыз әрі адамгершілікке жат деп атады.
Кейбір болжамдарға қарағанда, Түркия Еуропадан қайтарылған босқындарды соғыс жүріп жатқан елдеріне депортациялауы мүмкін. Алайда, Анкара өзінде мұндай ниеттің жоқ екенін мәлімдеп отыр. Не болса да Балқан дәлізі жабылуға жақын. Мигранттар енді Батыс Еуропаға баратын жолды Балтық елдерінен іздеуі мүмкін.
Сондықтан, жақында Латвия, Литва, Эстония өздерінің шығыс шекараларына қабырға тұрғызып, онда күзет пен тексерісті күшейтуге кірісті.
Арыстан РЫСБЕК