Бүгін Ресей Еуропаға газ жіберуді күрт қысқартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ресей Еуропаға газ жіберуді күрт қысқартты

27.07.2022

Бүгін Ресей Еуропаға газ жіберуді күрт қысқартты. Мұны бірер сағат бұрын «Рейтер» агенттігі хабарлады. Ал, Еуропа одағы елдерінің энергетика министрлері Брюссельде бас қосып, көгілдір отынды қолдануды - тамыздан наурызға дейін 15 пайызға қысқартуға уағдаласты. Олардың мәлімдеуінше, мұндай үнемшілдік - газды қыс айларына сақтау үшін қажет болып отыр. Украинада қарулы жанжал басталғаннан кейін Батыс мемлекеттері Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды күшейтіп, Киевке әскери көмек жіберіп жатыр. Осы үшін кек алу мақсатында Мәскеу «Қарт құрлыққа» газ экспорттауды мүлде тоқтатып тастайды деген қауіп туындап отыр. Айта кетсек, бұған дейін Еуропа одағы шетелден импорттайтын газдың 40 пайызын Ресейден сатып алып келген.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу