Еуропа Одағы аумағына шетелдік туристердің енуіне рұқсат берілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа Одағы аумағына шетелдік туристердің енуіне рұқсат берілмек

20.05.2021

Еуропа одағы өз аумағына үшінші елдердің азаматтарын кіргізуге келісті. Мұны Еуропа комиссиясының баспасөз хатшысы Кристиан Уиганд Брюссельде өткен брифингте мәлімдеді. Оның сөзінше, осы блоктың 27 мемлекетінің елшілері одақ территориясына толық вакциналанған туристерді кіргізуге уағдаласқан. 

Дегенмен, жаңа шешімге сәйкес, Еуропа одағына Еуропа комиссиясының мақұлдауынан өткен BioNtech, Pfizer, AstraZeneca, Moderna және Johnson & Johnson екпелерін салдырған саяхатшылар ғана ене алады. 

Ал, әлемдік пандемияға тоқталсақ, жер шарында коронавирус жұқтырғандар бүгін 165 миллионға жақындап, 3 миллион 400 мыңнан астамы қайтыс болған. Вакицналанғандар болса, 1 жарым миллиардтан асып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу