«Брексит» туралы келіссөздер тығырыққа тірелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Брексит» туралы келіссөздер тығырыққа тірелді

31.08.2017

Брюссельде Еуропа одағынан Ұлыбританияны шығару жөніндегі келіссөздер жалғасып жатыр. Алайда, британ делегациясының жетекшісі Дэвид Дэвис бұл кездесулерге көңілі толмайды. Оның сөзінше, Еуропа одағы «икемділік» танытпай отыр және де екі жақ арасында үлкен қарама-қайшылықтар бар.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, Еуропа одағы бұл істі ойдағыдай аяқтау үшін Лондоннан миллиардтаған еуро талап етуі мүмкін. Айта кетсек, «Брексит» жөніндегі екі жылдық келіссөздер биыл наурызда басталды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу