АҚШ пен Еуропа одағы газ туралы келісімге қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен Еуропа одағы газ туралы келісімге қол қойды

25.03.2022

АҚШ пен Еуропа одағы газ туралы келісімге қол қойды. Оған сәйкес, жыл соңына дейін Құрама Штаттардан «Қарт құрлыққа» 15 миллиард текше метр сұйытылған көгілдір отын жөнелтілуі керек.

Мұны Брюссельде өткен брифингте Президент Джо Байден мен Еуропа комиссиясының басшысы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді. Тараптар осы уағдаластық арқылы Ресейден газ импортын қысқартуды көздеп отыр. Айта кетсек, Мәскеу Еуропа одағы тұтынатын көгілдір отынның 40 пайызға жуығын қамтамасыз етіп отыр. Байденнің сөзінше, Кремль басшысы энергетикалық ресурстарын саясаттың, мәжбүрлеудің, әскери машинасын басқарудың тетігіне айналдырып алды.

Тағы бір айта кететін жайт, Еуропа одағы Ресей мұнайы мен газын рубльге сатып алудан бас тартты. Президент Владимир Путин шикізатты «дос емес» елдерге ресейлік валютаға сататынын сәрсенбіде мәлімдеген еді.

Арыстанбек Рысбек

Хабарламаларға жазылу