Францияда 15 қой мектепке қабылданды
Альпі тауының етегінде орналасқан шағын ауылдың мектебіне оқушылар жетіспейді. Осыны желеу еткен білім ордасының басшылығы бір сыныпты жауып, балғындарды өзге сыныптарға топтастырмақ болған. 35-40 оқушының бір бөлмеде оқуы олардың білім алуына кері әсер етеді деген ата-аналар наразылық шарасын ұйымдастырды. Мектеп басшылығына сападан гөрі сан маңызды екенін ескерген бір қойшы 65 қойын айдап, мектептің ауласына кіргізген. Соте-Мутон, Панург деп аталатын кәдімгі төлқұжаты бар 15 қой мектептегі оқушылар тізімін толықтырып, ресми қабылданды. Бала санын малмен толтырған көпшілік енді сыныпты жаппайды деген үмітте.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03